Қарағанды қаласындағы гимназиялардың бірінде мектеп табалдырығын үш бірдей жұп егіздер аттаған еді. Бір қызығы, бұлардың бойына білім нәрін құятын ұстаздардың өздері де егіздер екен.
«Сырт қарағанда, егіздер өте ұқсас болып көрінеді. Ал шын мәнінде, олар мүлде бөлек», дейді егіздердің аналарының бірі. Дегенмен, әзірге егіздерді түстеу мұғалімдер үшін оңайға түсіп жатқан жоқ.
Бірінші сыныпқа келген егіз балақайларды егіз ұстаздар – Салтанат және Махаббат Айтпайлар өзара бөлісіп алды. Ділназ бен Гүлназды Салтанат алса, Әбдірахым мен Әбдірахман Махаббаттың сыныбына қабылданған. Ал егіз қыз бен ұлды екі мұғалімге бөліп беруге тура келіпті.
Жалпы, психологтар егіздерді бөлек сыныптарда оқытқанды құп көреді екен. Ал ата-аналар болса, көбіне мұндай тұжырыммен келісе бермейтін көрінеді. Мысалы, өзі де егіздің сыңары, егіз қыздардың әкесі Мұрат Жұмаділдин деген қала тұрғыны былай дейді: «Біз бірінші сыныпқа барар алдында сыңарым екеуміз сынақ тапсырдық. Әпкем өтіп кетті де, мен сынақты тапсыра алмай қалдым. Бірақ, мұғалімдер бізді ажыратпай, бір сыныпқа қабылдады. Сөйтіп, сыңарыма мені оқу жағынан «сүйреп» жүруге тура келді...».
Педагог мамандардың айтуынша, бірінен-бірі аумайтын оқушылардың түр-түсін ажырату уақытша ғана қиындық тудырады екен. Бірер сабақтан кейін әр баланың өзіндік мінез-құлқы айқындала бастайтын көрінеді. Дегенмен, ұстаздар егіздерді оқыту мен тәрбиелеу барысында оларға деген көзқарастың ерекше болуы керектігін айтады.
Қайрат ӘБІЛДИНОВ,
«Егемен Қазақстан»
ҚАРАҒАНДЫ

Құлсарыда сенбілікке шыққан «ҚазТрансОйл» қызметкері қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 18:02
Жетісу облысында полицейге шабуыл жасаған тұрғын 2 жылға сотталды
Заң • Бүгін, 17:47
Қазақстанда жазда құрғақшылық болуы мүмкін: Министрлік қауіпті аймақтарды атады
Шаруашылық • Бүгін, 17:46
«Қазақстанда жасалған»: Онлайн саудада отандық тауарларға басымдық беріледі
Сауда • Бүгін, 17:12
Маңғыстауда екі мыңжылдық тарихы бар қала зерттеліп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 17:05
13 млн теңге айыппұл: Қазақстанда қандай гүлдерді жұлуға болмайды?
Заң • Бүгін, 17:01
Астанадағы LRT құрылысына қанша қаржы жұмсалды?
Оқиға • Бүгін, 16:38
Qalqan: Жаңа технология МӘМС-ті қалай өзгертеді?
Медицина • Бүгін, 16:25
Талғарда тағы да қанды оқиға: Әкесіне Құран бағыштамақ болған жігітті пышақтап кетті
Оқиға • Бүгін, 16:22
Алматы жыл бойы жұмыс істейтін тау туризмі орталығына айналмақ
Туризм • Бүгін, 16:17
«Ерлік сабағы»: Астаналық оқушылар ардагерлермен кездесті
Елорда • Бүгін, 15:53
Қазақстандық ауыр атлеттер әлем чемпионатында 5 медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 15:50
Алматыда ана өлімі туралы хабарламаған перзентханаға айыппұл салынды
Оқиға • Бүгін, 15:43