21 Қыркүйек, 2016

Жаңа министр Бас мүфтимен кездесті

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы жаңадан құрылған Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевпен кездесті. Кездесуге Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов, Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, Қазақстан мұсыл­мандары діни басқармасы діни істер бөлімінің басшысы Камалжан Тұрдыбаев және осы басқарма баспасөз бөлімінің басшысы Ағабек Қонарбайұлы қатысты. Ресми кездесуде жастарға дұ­рыс діни ақпарат жеткізу, діни оқу-ағарту жүйесін жетілдіру, имамдардың білімі мен тәжі­ри­бе­сін шыңдау, елімізде қалып­тасқан дінаралық келісімді одан әрі нығайту, халыққа діннің адам­гершілік, жалпыға бірдей мейірбандық құндылықтарын насихаттау мәселелері жан-жақты талқыланды. Министр Нұрлан Ермекбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының еліміздегі дін­аралық келісімді нығайтуға қосып жатқан үлесі үшін алғыс айтып, осы бағытта нәтижелі жұмыс жүргізіле беретініне сенім білдірді. «Егемен-ақпарат»