Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы – алдағы мақсаттарымызды түсіндірудің ең басты құжаты болып табылады. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Президенттің жазбаша түрде жарыққа шыққан Жолдауы бойынша өткен облыс активінің жиынында айтты, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
«Мемлекет басшысы еліміздің бірінші жаңғыруында өз жолымызды қалай бастағынымызды және мемлекеттің іргетасын қалай қалағанымызды айтса, сол жылдары жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу жүзеге асырылды. Бәріміз бірлесіп, елімізді алға жылжытуға бағытталған жұмыстарды атқардық. Екінші жаңғыру «Қазақстан-2030» стратегиясының қабылдануымен және жаңа елорда – Астананың салынуымен басталды. Еліміз экономикалық тұрғыдан артта қалған аймақтан шығып, әлемдегі экономикасы бәскекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді. Табысты өткен екі жаңғыру арқылы баға жетпес тәжірибе жинақтадық. Елбасымыздың Қазақстанды дамытудың үшінші жаңғыру бойынша жасаған Жолдауы әлемдік дағдарыс кезінде алға батыл қадам басуға бағыттайтын саяси құжат болып табылады», - деді әкім.
Сонымен қатар, мәжілісте әкім өңірімізде экспортқа бағытталған кәсіпорындардың санын арттыру мақсатында жергілікті тауар өндірушілердің бәсекелік қабілеттілігін жоғарлатып, өңіріміздің бүгінгі 1,1 млрд. АҚШ долларын құрайтын экспорттық айналымды 2 есеге арттыру қажеттігін міндеттеді. Сондай-ақ, аймақ басшысы Елбасының жеке және шетелдік инвестиция көлемін экономикадағы үлесін арттыру тапсырмасы бойынша облыста 14,5 пайыз көлеміндегі шетелдік инвестицияны 2020 жылға дейін 25 пайызға ұлғайту қажеттігіне тоқталды.
«Бұл үшін біздер инвесторлармен тығыз жұмыс жүргізіп, оларға тиімді жағдайларлды жасауымыз қажет. Аталған бағытта өңірімізде тиісті жұмыстар өз деңгейінде атқарылып отыр. Атап айтқанда, облыстың барлық аудандарында инвесторлармен жұмыс істейтін арнайы мобильдык топтар құрылған»,- деп мәлімдеді Ж.Түймебаев.
Президент Жолдауының орындалу барысы талқыланған жиында аймақ басшысы аграрлы өңір Оңтүстік - экономиканың жаңа драйверіне айналу біз үшін ерекше міндет екенін айтты. Яғни, облыс еліміздің көкөніс және бақша өнімдерін өндіретін басты жеткізуші болуы қажет. Бүгінгі күнге облысымызда жылыжайлардың үлесі республикада 87 пайыз көлемді құрайды, сол сияқты тамшылатып суару, интенсивті баулар бойынша да алдыңғы қатарда. Осы айтылған қарқынды көрсеткіштерді жоғарлату мақсатында, облыс диханшылары отандық алдыңғы қатарлы ғылыми зерттеу институттарымен тығыз жұмыс істеуі қажет. Бұл үшін біздер ұсақ шаруа қожалықтарды ірілендіріп біріктіруіміз керек»,- деді әкім.
Айтылған міндеттер мен мақсаттарды орындай отырып, Оңтүстік Қазақстанның 2025 жылға дейін жалпы өңірлік өнім көлеміндегі үлесі 9 пайыздан 15 пайызға ұлғайтылмақ.

Зейнетақы шегін көтеру жобасы қоғамдық талқылауда қолдау таппады
Бюджет • Бүгін, 11:05
Серік Сәпиевтің орнына жаңа басшы келді
Тағайындау • Бүгін, 10:58
Несие төлемін кешіктіргенде нені білген жөн?
Несие • Бүгін, 10:40
Дербес деректер интернетте сатылған: Сатып алушылар арасында микроқаржы ұйымдарының өкілдері бар
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:29
Бокстан Әлем кубогі: Қазақстан қоржыны тағы 3 медальмен толықты
Бокс • Бүгін, 10:23
Сайлау қарсаңындағы теракт: Колумбияда автобус жарылысынан 20 адам ажал құшты
Әлем • Бүгін, 10:20
Трамп қатысқан кеште оқ жаудырған күдікті сот алдында жауап береді
Әлем • Бүгін, 10:10
Қазақстандық оқушы Сингапурда өткен робототехника чемпионатында күміс жүлде иеленді
Білім • Бүгін, 10:06
Шымкентте тәулік бойы жұмыс істеген халықаралық онлайн-казино желісі әшкере болды
Қылмыс • Бүгін, 09:59
Грузияда есірткімен ұсталған Қазақстан азаматы өмір бойына сотталуы мүмкін
Есірткі • Бүгін, 09:52
Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізудің үш кезеңнен тұратын формуласын ұсынды
Әлем • Бүгін, 09:40
Жаңбыр жауып, жел күшейеді: 27 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:35
Елена Рыбакина Мадридтегі турнирде Олимпиада чемпионын жеңді
Спорт • Бүгін, 09:23
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:11