Мельбурндегі тұзды өзен Күн сәулесінің әсерінен, жоғары температура мен жауын-шашынның аз болуынан алқызыл түске боялды, деп жазады ВВС Уэстгейт паркінің әкімшішігіне сілтеме жасап. Мамандардың айтуынша, өзеннің түбінде өсетін балдырлар осындай ауа райында қызыл пигменттер бөледі. Мұндай жағдай Испания, Канада жеріндегі бірнеше өзенде де байқалады.
Парк қызметкерлерінің айтуынша, өзен түсінің өзгеруіне Dunalliela атты бір жасушалы балдыр әсер еткен.