10 Наурыз, 2017

Илон Маск Оңтүстік Австралияны 100 күнде энергиямен қамтамасыз етуге уәде етті

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Tesla және SpaceX басшысы Илон Маск Оңтүстік Австралияның жергілікті билігіне аймақтағы энергиямен қамту мәселесін шешіп беретін болды. Егер аталған уақытта үлгермесе, тегін істеуге уәде берді, деп жазады kapital.kz. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың күзінде Оңтүстік Австралия дауылдың кесірінен энергия қуатынсыз қалған еді. Нәтижесінде Аделаида аймағында темір жол мен метро тоқтап, әуе рейстері мен автокөлік қозғалысы шектелген болатын. Көптеген азаматтар жеделсатыға қамалып қалған. Испаниядан екі есе үлкен аймақтың энергия қуатынсыз қалуына себеп болған қатты дауылдың тұруы болған. Айта кетейік, бұл аймақ энергия көзінің 40 пайызын жел қуатынан алып отырған еді. Сағатына 140 км жылдамдықпен соққан дауылдан жел генераторларын тоқтатуға мәжбүр болған еді. Қазіргі таңда жергілікті билік мәселені әлі де шеше алмай отыр. Энергия көзінің тоқтауы елдегі энергия құнына да әсер еткені анық. Елдің энергия мәселесін шешумен SolarCity компаниясы айналысады. Бұл компанияны Илон Маск өзінің досы Линдон Ривпен бірлесіп құрған. SolarCity таяуда TeslaMotors компаниясымен бірлесті. Ривтің айтуынша, аталған компания 100−300 мегаватт/сағаттық батереялар орналастырады. Сонымен қатар, бұл жобаны 100 күн ішінде бітіруге уәде етіп отыр. Егер осы уақыт аралығында үлгермесе, шығынды Маск өз қалтасынан төлеуге дайын.