10 Наурыз, 2017

«Қазақстан және БҰҰ: бейбітшілік үшін әріптестік» қор көрмесі ашылды

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейі ғимаратында Қазақстанның БҰҰ-ға кіруінің 25 жылдығына және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде қызметінің басталуына арналған «Қазақстан және БҰҰ: бейбітшілік үшін әріптестік» қор көрмесінің ашылуы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақстан және БҰҰ: бейбітшілік үшін әріптестік» қор көрмесінің материалдарын Біріккен Ұлттар Ұйымының құрамындағы Қазақстанның сындарлы және жемісті қызметінің 25 жылдық тарихын бейнелейтін мұрағаттық құжаттар, фотосуреттер мен дипломатиялық сыйлықтар құрайды.