Ресейдің «Амкар» клубының шабуылшысы Чума Анене еліміздің «Қайрат» командасына ресми түрде ауысты. Бұл туралы «Амкар» клубының баспасөз қызметі хабарлады.
Чума Анене «Амкар» сапында 24 ойынға қатысып, екі голдың авторы атанған. Соңғы рет кеше Ресей біріншілігінде «Зенитке» қарсы ойында алаңда 90 минут өткізді.
«Қайрат» командасының президенті Қайрат Боранбаевпен келіссөздер барысында жаңа шабуылшы іздеуге барынша кіріскеніне куә болдым. Таңдау кезінде әріптестеріміздің жаңылыспағанына сенімдімін. Чума Анененің Қазақстан чемпионатындағы жарқын ойыншылардың бірі ғана емес, сонымен қатар «Қайраттың» еурокубоктық ойындарына да септігін тигізетініне сенімдімін», – деді «Амкар» клубының директоры Денис Маслов.
«Өз қатарымызға Алексей Гасилинді қосқаннан кейін легионерлерге енгізілген заң бойынша негізгі құрамда үзбей ойнауына қиын болатын еді. Сондықтан қысқа ғана уақыт ішінде мансабын ары қарай жалғастыратын лайықты ұжымды таптық. Бұл барлығымыз үшін экономикалық жағынан да, футбол тұрғысынан да тиімді шешім болды. Командамызға сіңірген еңбегі үшін оған алғыс айтып, алдағы уақытта тек сәттілік тілеймін!» – деді ол.
«Амкар» менің кәсіби түрде жетілуіме үлкен еңбегін сіңірді. Мұнда өзіме деген сенімділігім артып, өмірімнің соңына дейін жететін тәжірибе жинадым. Ресейлік клубқа кішкене де болсын пайдамды тигізгеніме қуаныштымын. Ендігі «Амкарға» тек жеңіс пен көп гол соғуын тілеймін!» – деді «Қайраттың» жаңа ойыншысы.
Бұған дейін «Қайраттың» осы трансфер үшін бір миллион еуро төлейтіні хабарланған болатын.
Айта кетейік, 23 жастағы Анене Норвегияда туған. Кәсіби мансабы 2011 жылы басталған. Өз елінде «Волеренгу», «Улл/Кису» және «Стабек» клубтарында ойнаса, Македонияда «Работнички» ұжымының намысын қорғаған.

Ауа райы • Бүгін, 17:55
Жасөспірімдер арасындағы бала туу деңгейі неге жоғары?
Қоғам • Бүгін, 17:28
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Бүгін, 16:58
Министрлік «Қыз Жібек» фильмінің реквизиттеріне қатысты мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 16:42
Жемқорлықпен күрес: Алты жылда 1 000-нан астам шенеунік сотты болды
Қоғам • Бүгін, 16:17
Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржыны бесінші медальмен толықты
Спорт • Бүгін, 15:59
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Бүгін, 15:35
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Бүгін, 14:06
Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:09
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48