
Қазақстан Республикасы мен америкалық AES Corparation компаниясы арасындағы 1997 жылғы 23 шілдедегі концессиялық келісімінің әрекеті 2017 жылдың 1 қазанында аяқталды.
Осыған байланысты, 2017 жылдың 2 қазанында және 2017 жылдың 3 қазанында «AES Өскемен ТЭС» ЖШС және «AES Шүлбі ТЭС» ЖШС – екі концессия объектісінің 100% қатысу үлестері республикалық меншікке алынды.
Өскемен су электр стансасы және Шүлбі су электр стансасы аталған компаниялардың активі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті «AES Өскемен ГЭС» ЖШС-нің және «AES Шүлбі ГЭС» ЖШС-нің мемлекеттік қатысу үлестерін пайдалану және иелену құқығын Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне берді.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі осы компаниялардың бас директоры етіп Асқар Балабатыровты тағайындады. Асқар Балабатыров 1992 жылы Алматы энергетика институтын бітірген, «KEGOC» АҚ-та, «Алматы ПауэрКонсолидэйтед» АҚ-та, «Алатау Жарык Компаниясы» АҚ-та және «Шығыс Қазақстан ауданаралық электр желілік компаниясы» АҚ-та жұмыс істеген, электр энергетикасы нысандарын басқару жұмысында айтарлықтай тәжірибе мен білімге ие, деп хабарлады Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.