Аймақтар • 25 Қаңтар, 2019

Астананың инвесторлар үшін тартымдылығы артты

460 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2018 жылы қала экономикасына 1 трлн 56 млрд теңге инвестиция тартылған, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. 

Астананың инвесторлар үшін тартымдылығы артты

«Өткен жылы қала экономикасына 1 трлн 56 млрд теңге инвестиция тартылды. Біз мұндай межені алғаш рет бағындырдық. Бұл қаланың өз-өзін жеткілікті қамтып отырғандығын және инвесторлар үшін, шағын және орта бизнес үшін тартымды екендігін білдіреді», – деді қала әкімдігінде өткен брифингте инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Әлішер Әбдіқадыров.

Оның мәліметі бойынша, егер бұрын қала бюджеті жартылай мемлекеттен қаржыландырылса, бүгінде  қаланы дамытуға тартылған жеке инвестициялар 86% - ды құрайды. «Бір айта кетерлігі, инвестицияның 71% шағын бизнеске тиесілі. Өткен жылы инвестицияның 750 млрд теңгесін осы шағын бизнес субъектілері құйды»,  – деді ол. Инвестициялар құйылатын негізгі секторларға жылжымайтын мүлік және көлікке қатысты орындалатын операциялар жатады. «Егер Астананы жоба ретінде қарастырсақ,  ол өте қолайлы, экономикалық тұрғыдан өте тиімді жоба. 20 жыл ішінде Астананы дамытуға бюджеттен шамамен 2 трлн теңге қаржы бөлінсе, қала бюджетке 6 трлн теңге қайтарды», деді ол.

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше