Аймақтар • 25 Қаңтар, 2019

Павлодар облысында АИТВ жұқпасының 3 мыңдай жағдайы анықталған

570 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық Жұқпалы иммунитет тапшылығының синдромының алдын алу және күресу жөніндегі орталығының мәліметінше, АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) — бұл АИТВ-инфекциясының вирусын тудыратын өте ұсақ вирус.

Павлодар облысында АИТВ жұқпасының 3 мыңдай жағдайы анықталған

Өңірде жыл сайын тұрғындардың 14 пайызы яғни, 120-130 мың адам тексеруден өтеді екен.  Әр адам өзінің АИТВ-статусын анықтай алады. Мұндай шара арқылы дертті дер уақытында емдеуге жол ашылады.

Облыс  орталығындағы Бектұров көшесі, 50-үйде орналасқан облыстық жұқтырылған иммунитет тапшылығы синдромының алдын алу және күресу жөніндегі орталығында тест тапсыруға болады.

АИТВ жұқпасын жұқтырғандардың ішінде 485-і - ЖИТС (жұқпалы иммунитет тапшылығының синдромы) дертімен ауыратындар да бар.

Жалпы, біздің өңірде 757 мың адамның ішінде АИТВ жұқпасының 2890 жағдайы тіркелген. Яғни,өңірдегі адам санының аздығына байланысты  көрсеткіш те жоғары көрінеді.

Орталық мамандарының айтуынша, бұл дерт жыныстық қарым-қатынас кезінде жұғады.

Диспансерлік есепте тұрған адамдардың 80 пайызы ем шараларын қабылдауда. АИТВ жұқпасы қан арқылы, жыныстық қатынас кезінде және анадан-балаға беріледі. Адам белгіленген уақытта, белгілі мөлшерде дәрі қабылдаса, өзгелерге жұқтыру қаупі төмендейді. Емделушілердің арасында жастар да, ересектер де бар.

Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында арнайы сенім пункттері бар көшпелі көліктер жұмыс істейді. Медбикелер тұрғындар арасында адам саусағы арқылы экспресс-тест алып, тексеру жүргізеді. Соңғы уақытта сілекей арқылы тест алу әдістері де шықты.

Сақтанса-сақтайды. Соныдқтан індеттің алдын алу бағытында түрлі шаралар да өткізіледі.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25