Парламент • 25 Қаңтар, 2019

Әлімжан Құртаев: Жастар еңбекқорлығымен бәсекеге түсуі керек

1211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет тарапынан, әсіресе Елбасының жеке бастауымен жастарға көрсетіліп отырған қамқорлық пен қолдау аз емес. Білім саласында жас мамандарды ауылға тартуды көздейтін «Дипломмен ауылға» бағдарламасы, шетелде білім алуға мүмкіндік беретін «Болашақ» халықаралық стипендиясы, «Серпін» бағдарламасы жүзеге сәтті асырылып келеді. 

Әлімжан Құртаев: Жастар еңбекқорлығымен бәсекеге түсуі керек

«StartapBolashak» бизнес-жобалар байқауы ғылым мен технология, инновацияға жақын жас қазақстандықтардың танылуына мүмкіндік береді. Ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет, спортта ерекше көзге түскен талантты жастарға «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы табысталады. Президенттің тапсырмасымен қабылданған «7-20-25» бағдарламасы әр жас отбасыға ыңғайлы шарттармен баспана алуға мүмкіндік береді.

Жастар еліміздің жарқын болашағына жетелейтін басты қозғалтқыш болып табылады. Осы орайда, Елбасы мен Қазақстан халқының жастарға үміт артуы орынды екеніне күмән жоқ. Елбасының Жастар жылының ашылуы кезінде жас ұрпақтың әлеуметтік жағдайын көтеруге арналған тапсырмалары олардың ел экономикасы мен руханиятын дамытуына үлкен демеу болары сөзсіз. Өз кезегінде олар да Отанына адал қызмет етіп, өркениетке ұмтылары анық. Жастар білімімен, тәрбиесімен, отансүйгіштігімен, еңбекқорлығымен бәсекеге түсуі керек.

Әлімжан ҚҰРТАЕВ,

Сенат депутаты

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25