Сайлау • 18 Сәуір, 2019

Президенттік сайлаудағы журналистер этикасы

1260 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бірқатар БАҚ басшылары хар­тияға қол қойды. Онда алдағы кезектен тыс Президент сай­лауы кезінде ақпарат таратудың жур­налистік нормалары көрсетілген.

Президенттік сайлаудағы журналистер этикасы

Халық таңдауын жасауда төртінші биліктің атқаратын рөлі зор. Осы орайда Бас редакторлар клубының мүшелері 2019 жылдың 9 маусымында өтетін кезектен тыс президенттік сайлауын ақпараттық тұрғыда қамтамасыз еткенде этикалық нормаларды ұстану туралы хартияны қарады. Бас редакторлар клубының вице-президенті Марат Башимов хартияның Ата Заңға, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына және «Бұқаралық ақпа­рат құралдары туралы» Заңы­на сәйкес әзірленгенін жет­кіз­ді. «Әлемнің барлық елінде бұқаралық ақпарат құралдары елдегі елеулі оқиғалар кезінде әрдайым этикалық нормаларды ұстану туралы хартияны ескере­ді. Бұл міндетті түрде орындалатын нормалар жиынтығы болмағанымен, журналистердің жұмысы барысында айрықша ескерілетін кәсіби этика көр­сеткіштері болмақ», дей келе, клуб мүшелеріне өз ойларын ортаға салуды ұсынды. «Эксп­ресс К» газетінің бас директоры Әділхан Нүсіпов сайлау науқаны әділ, заң аясында өту керектігіне тоқталып: «Әлбетте мұндай хартияны қолдаған абзал. Жарнамаға жол бермей, объективті түрде жазу қажет. Осы нормаларды қолдау мақсатында құжатқа қол қоямыз», деді. Жиналған басқа да БАҚ басшылары бастаманы қолдайтынын айтып, хартияға қол қойды. 

Айта кетейік, аталған құжат­тың басты мақсаты ретінде:

- сайлау барысының барлық кезеңдерін – орталық және бас­қа сайлау комиссияның қыз­меті, сайлау кампаниясының негіз­гі кезеңдері, президенттікке үміткерлер мен олардың сайлау алдындағы акциялары, дауыс беру қорытындысының тәртібі, барысы және өткізілуі тура­лы БАҚ-тың кәсіби, объективті және жедел түрде көрсетуі арқы­лы азаматтардың сайлау құқы­ғының толық іске асырылуына жәрдемдесу; 

- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәй­кес барлық тіркелген прези­дент­тікке үміткерлерге БАҚ-та ақпа­рат беруге тең рұқсат беру; 

- сайлау процесінің барысы мен оның нәтижелері, сондай-ақ барлық президент­тік­ке үміткерлер мен олар­дың сайлау штабтарының қыз­меті, көзқарастары мен саяси ұстанымдары, бағдарлама­лары туралы отандық БАҚ-тың адекватты, толық және анық мәлімдеуін қамтамасыз ету көзделген.
Соңғы жаңалықтар

Сұрақ қойған тотықұс

Қоғам • 30 Тамыз, 2025

Айна алдындағы фламинго

Табиғат • 30 Тамыз, 2025

Тұрғындар денсаулығын тексерді

Денсаулық • 30 Тамыз, 2025

Мерекелік марапат

Қоғам • 30 Тамыз, 2025

Ерен еңбек ескерусіз қалмайды

Жұмысшы мамандықтар жылы • 30 Тамыз, 2025

Маңдай тердің өтеуі

Еңбек • 30 Тамыз, 2025

Жаңа оқу жылындағы өзгерістер

Инфографика • 30 Тамыз, 2025

Үміт ақталады

Білім • 30 Тамыз, 2025

Тағдыршешті реформа

Ата заң • 30 Тамыз, 2025

Аралда ашылған мектептер

Мектеп • 30 Тамыз, 2025

«Абай» журналының ахуалы қалай?

Жәдігер • 30 Тамыз, 2025

Алғыс арқалаған кенші

Еңбек • 30 Тамыз, 2025

Мағжан мен Хайретдин

Зерде • 30 Тамыз, 2025

Тиянақты дайындық

Аймақтар • 30 Тамыз, 2025

Ғарыштан оқылған дәріс

Ғалам ғажаптары • 30 Тамыз, 2025

Қазақ сыныбын таңдағандар озады

Аймақтар • 30 Тамыз, 2025

Әлеуметтік жобаның әлеуеті

Қоғам • 30 Тамыз, 2025