
Жауынгерлік самбодан әлемнің үш дүркін чемпионы деген атағы бар қандасымыз 27 жастағы германиялық Лом-Әли «Арыстан» Эскиевпен күш сынасады. Неміс спортшысы осыған дейін 19 кездесу өткізіп, 15 мәрте жеңіске жетті. Арман Оспанов 10 рет айқас алаңына шығып, 8 бәсекені өз пайдасына шешті. Қазақ жігіті өзінің соңғы жекпе-жегін 2017 жылдың желтоқсан айында өткізген еді. Міне, енді «Сұңқар» ұзаққа созылған үзілістен соң октагонға қайта оралғалы отыр.