
Қазақстан Республикасының бразилиялық джиу-джитсу және грепплинг федерациясы және бірқатар демеушілердің қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған айтулы шараға осы спорт түрін серік еткен жас өрендер, Алматы қаласы мен облысы аумағында орналасқан Балалар үйінің тәрбиеленушілері, белгілі қоғам қайраткерлері мен спорт функционерлері және білікті бапкерлер мен майталман мамандар қатысты.