
Осыған дейін мектептердің балансындағы компьютерлерді қашықтан оқыту мәселесінде техникадан тарыққан оқушылар мен мұғалімдерге уақытша берілетінін жазғанбыз. Соның нақты нәтижесі ірі қалаларда айқын көріне бастаған.
– Компьютерлерді оған мұқтаж оқушыларға таратуда Елорда мен Алматы қаласы белсенділік танытып отыр. Мәселен, Алматы қаласында бүгін 10 мыңнан аса компьютер таратылды. Мектептегі техникаларды уақытша пайдалану бойынша арнайы акт толтырылып, балалалрының білім алуы үшін ата-аналарға тапсырып отырмыз, – деді ведомство басшысы.