
«Қашықтан оқыту, бұл бірінші кезекте шағын жинақты мектептер үшін тиімді. Ол жерлерде физика, информатика сынды пәндердің мұғалімдері болмайды. Шалғай ауылдардағы балалар үшін аталған пәндер сапалы оқытылмайды. Ал, қашықтан оқыту жүйесі арқылы бүкіл Қазақстанға сабақ беретін мықты азаматтарды табуға мүмкіндік туып отыр. Қазақстан бойынша жақсы ұстаздарды іріктеп алсақ, болашақта солар арқылы теледидарды пайдалана отырып, шалғай елді-мекендердегі және шағын жинақты мектептерде сабақ жүргізу мүмкіндігі бар», деді Мұрат Әбенов.
Сондай-ақ, онлайн пікір алмасу барысында Мұрат Абдуламитұлы қашықтан оқыту жүйесі білім саласындағы бәсекелестікке қабілеттілікті арттырып, туғызғандығын және нәтижесінде талантты азаматтарды алға шығарып жатқандығын да атап өтті.