Әлем • 27 Мамыр, 2020

Филиппин президенті: Вакцина табылмайынша мектептер ашылмайды

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Филиппин президенті Родриго Дутерте жаңа пандемияның вакцинасы табылып, ол әлем бойынша қолданысқа еніп нәтиже бермейінше, елдегі балабақшалар мен мектептерді ашпаймыз деп мәлімдеді.

Филиппин президенті: Вакцина табылмайынша мектептер ашылмайды

Оның айтуынша, бала елдің болашағы, оның денсаулығы бәрінен қымбат. Сол себепті, дерттің емі табылмай тұрғанда балабақша мен мектептерді ашу ақылға сыймайды.

Аталмыш елде өткен наурыз айынан бастап мектеп және балабақша жасындағы 25 миллион бала үйде қамалып отыр.

Кейбір жергілікті әкімдіктер алдағы тамыз айынан бастап өңірлерде мектептер жұмысын бастайтынын хабарлаған. Яғни, бұл пікірге президент қарсы шықты.

Қазіргі жағдайда Филиппинде 14669 адам коронавирус жұқтырған болса, олардың 3412-і сауығып шыққан. 886 адам дерт салдарынан көз жұмыпты.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дәмі бар балмұздақ

Кәсіпкер • Бүгін, 09:15

Шебер тірілткен құнды мұра

Көрме • Бүгін, 09:05

Жарапазан айтып жарысты

Дәстүр • Бүгін, 09:00

Наурыздың рухын асқақтатқан ән

Наурызнама • Бүгін, 08:55

Парасат пен мейірім

Қоғам • Бүгін, 08:50

Америка асқан «Қыз-Жібек»

Таным • Бүгін, 08:45

Өнегелі Ольга

Қоғам • Бүгін, 08:35

Тау көтерген толағай

Қоғам • Бүгін, 08:30

Ұлт тағамын ұлықтаған

Кәсіпкер • Бүгін, 08:20

Жауапты ғұрып

Пікір • Бүгін, 08:10