
Адасқан Прибрежное ауылының 46 жастағы тұрғыны екен. Ол жоғалған малын іздеу үшін үйінен таңғы 7-лер шамасында шығып, адасып кеткенін аңғармай қалған. Бірнеше сағат бойы адасқан ол көмекке жүгінген.
Екі сағат бойы шым-шытырық ізбен жұмыс істеу нәтижесінде полицейлер ер адамды тапты. «Күн суық болды. Ең бастысы, оның бізбен хабарласып отыруы маңызды болды. Біз оған ұялы телефонының қуатын сақтау үшін оны жылы жерде ұстауын сұрадық», - дейді ауылдан 15 шақырым ұзап кеткен тұрғынмен сөйлескен жедел уәкілдер.
Солтүстік Қазақстан облысы