
«Атлант мұхитынан шыққан антициклон Қазақстан аумағына қарай ойысады. Батыстан соққан желдің ықпалымен Қазақстанға жылы, ылғалды ауа келеді. Елдің басым бөлігінде қар, жаңбыр жауады. Сондай-ақ көктайғақ болып, жел күшейеді, солтүстік өңірлерде жаяу бұрқасын соғады», делінген хабарламада.