28 Сәуір, 2010

ТАУЛЫ ҚАРАБАҚ ПРОБЛЕМАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

574 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жақында ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Әзірбайжан Сыртқы істер министрі Эльмар Мамедьяровпен және Армения Сыртқы істер министрі Эдвард Налбандянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі. ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы әңгімелесуші тараптармен Таулы Қарабақ қақтығысының жағдайы мен оны реттеу мәселе­сінің болашағын талқылады. Қ.Саудабаев жағдайды жақсарту жолдарын іздестіруде күш-жігерді үдетуге және бұл үдеріске ЕҚЫҰ-ға төраға мемлекеттің басшысы ретінде Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың жеке өзінің қатысу мүмкіндігіне шынайы қызығушылығын танытты. Сонымен қатар, тараптар 16-17 шілде аралығында Алматы қаласында өтетін ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлерінің бейресми кеңесіне дайындық туралы және Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен 2010 жылға белгіленген ЕҚЫҰ Саммитінің негізгі мазмұнын анықтау жөнінде пікір алмасты.
Соңғы жаңалықтар

Өнер ұжымдары ынталандырылды

Аймақтар • Бүгін, 08:27