Экономика • 14 Қыркүйек, 2021

Энергия өндіруші ұйымдардың берешегі көп - министр

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты, деп жазады Egemen.kz.

Энергия өндіруші ұйымдардың берешегі көп - министр

Министрдің  айтуынша, энергия өндіруші ұйымдардың отын үшін ауқымды кредиторлық берешегі маңызды мәселе болып отыр.

«Осы жылдың 10 қыркүйегінде «ҚазТрансГаз-Аймақ» мекемесі алдындағы берешек 757 млн теңгені құрайды. Сондай-ақ энергия өндіруші ұйымдардың «Богатырь-Көмір» кәсіпорны алдында жалпы сомасы 2, 629 млрд теңге берешегі бар», деді Мағзұм Мырзағалиев.

Сонымен қатар министр электр стансаларында отын жинақтау жалғасып жатқанын мәлімдеді.

«Қоймаларда 3,5 млн тонна көмір және 90 мың тонна мазут жинақталған. Бұл жалпы бекітілген нормаларға сәйкес келеді. Өңірлерге жеткізілетін «әлеуметтік мазутқа» қатысты айтатын болсақ, 2021 жылдың тамызында Энергетика министрлігі күзгі-қысқы кезеңде әлеуметтік-өндірістік нысандар мен мекемелерге мазут жеткізу кестесін бекітті. Соған сәйкес мазуттың көлемі 195,5 мың тонна болды», деді министр.

Соңғы жаңалықтар

Төрт адамның өмірін сақтаған

Медицина • Бүгін, 08:05

Төрт жасар жазушы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Әлеуметтік нысан ашылды

Аймақтар • Бүгін, 07:55

Жәкеңнен қалған жәдігер

Көрме • Бүгін, 07:53

Ең алып мұрал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:50

Елена Рыбакина – финалда!

Теннис • Бүгін, 07:38

Бір мезетте – мың сабақ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:33