Спорт • 05 Қазан, 2021

Қазақстанның футзалшылары бірінші себетте

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футзалдан 2022 жылы Нидерландтың Амстердам және Гронинген қалаларында өтетін Еуропа чемпионатының жеребе тарту рәсімі кезінде Қазақстан құрамасы бірінші себетте болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның футзалшылары бірінші себетте

Жерлестерімізден бөлек, үздіктер себетінде Испания, Ресей және Португалия бар. Бұл командалардың барлығы да мықты. Мәселен, испандықтар осы күнге дейін ұйымдастырылған 11 Еуропа чемпионатының жетуінде жеңімпаз атанды. Португалиялықтар соңғы әлем және құрлық біріншіліктерінде бас жүлдені олжалады. Сол секілді ресейліктердің де бағындырған белестері бір төбе. Олар айтулы жарыста бір мәрте топ жарып, бес рет финалда ойнады. Қазақстан 2016 жылғы Еуропа біріншілігінде қола медальді иеленсе, биылғы әлемдік доп додасында төртінші орынға табан тіреді. 

Өзге себеттерде мына командалар бар: Екінші себет - Хорватия, Әзербайжан, Сербия/Беларусь, Италия. Үшінші себет - Украина, Словения, Босния мен Герцеговина, Польша. Төртінші себет – Финляндия, Словакия, Грузия және Нидерланды. 

Жеребе тарту рәсімі 18-қазанда Нидерландтың Зейст қаласыда өтеді. Ал құрлық біріншілігінің жалауы 19-қаңтар мен 6-ақпан аралығында желбірейді. Айтулы додада 16 команда өнер көрсетеді. 

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35