Футбол • 20 Мамыр, 2022

Еуропа лигасының жеңімпазы анықталды

506 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Испанияның Севилья қаласын­дағы «Рамон Санчес Писхуан» стадионында өткен Еуропа лигасының финалында Германияның «Айнтрахты» мен Шотландияның «Рейнджерсі» кездесті.

Еуропа лигасының жеңімпазы анықталды

Матчтың негізгі уақыты мен қосымша таймы 1:1 есебімен тең аяқталып, жеңімпаз команда кездесу соңындағы пенальти сериясында анықталды. Бес мүмкіндіктің барлығын тиімді пайдаланған Франкфурт командасы 5:4 есебімен жеңіске жетіп, Еуропа лигасының жеңімпазы атанды. Глазголықтардан Аарон Рэмзи 11 метрлік айып добын орындауда мүлт кетті. Ойындағы алғашқы голды «Рейнджерс» футболшысы Джо Арибо салса, неміс командасы сапынан Рафаэль Борре мергендігімен көзге түсті.

Осылайша, Франкфурт қаласының бас­ты командасы өз тарихында екінші рет Еурокубок турнирінде топ жарды. «Айнтрахт» бұған дейін 1979-1980 жылғы маусымда УЕФА Кубогын иеленген еді.

Соңғы жаңалықтар

Президент Минск қаласына барды

Президент • 26 Маусым, 2025

БҚО тілшілері тапанша атып жарысты

Аймақтар • 26 Маусым, 2025

Ұрпақ жадына көшкен ерлік

Тарих • 26 Маусым, 2025

Сурет пен дыбыс симфониясы

Мәдениет • 26 Маусым, 2025

Қызылорданың газ әлеуеті артып келеді

Энергетика • 26 Маусым, 2025

Қырғызстанда жер сілкінді

Әлем • 26 Маусым, 2025