
«Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің баяндамасын тыңдап, өртті толық әрі жылдам ауыздықтау үшін шұғыл әрекет ету штабына бірқатар тапсырма берді. Сондай-ақ ведомство қызметкерлерінің әлеуметтік мәселелерін шешіп, кәсіби кадрлардың дайындығын арттыру қажет екенін айтты», деп жазылған хабарламада.