
- Дүйсенбі, 28 қарашада елордада қар тазалау жұмыстарына 2,2 мыңнан астам жол жұмысшысы және мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды. 27-28 қарашаға қараған түні қаладан шамамен 16 мың текше метр қар немесе 1297 жүк көлігі шығарылды. Күн суығалы қар полигондарына барлығы 300 мың текше метр қар шығарылды, бұл 22,5 мың ауыр жүк көлеміне тең, - делінген хабарламада.