Медицина • 30 Қаңтар, 2023

Сәбиге жасалған күрделі операция

437 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруха­насының таратқан мәлі­метіне сәйкес қаңтар айы­ның басында аталған кли­никаға төрт айлық сәби жедел жәрдеммен жеткізілген. Ауруханаға шұғыл әкелуге сәбидің тоқтаусыз жөтелуі, ентігуі мен бойындағы жалпы әлсіздік белгілері себеп болған. Дәрігерлер ша­қа­лақтың кеуде қуысын рент­ген аппаратына түсі­ру арқылы оң жақ көкіре­гінде жарықтың барын анық­таған.

Сәбиге жасалған күрделі операция

Медициналық тексеруден кейін кішкентай пациент хирургия бөліміне анасымен бірге жатқызылды. Кейін екі күн өткен соң дәрігер-хирургтер 4 айлық сәбиге ашық түрде күрделі ота жасайды.

Дәрігер-хирург Қайрат Ізба­саровтың айтуынша, операция барысында  өкпеге қарай өтіп кет­кен іш қуысындағы ішектер хиургиялық әдіспен өзінің орнына келтіріліп, көкірек тұсындағы жарық тігілген. Кішкентай сәбиге жасалған операция 1,5 сағатқа созылды. Отадан кейін шақалақ ағзасы қалпына келгенше бір күн жансақтау бөлімінде тиісті ем-дом шараларынан өтіп, келесі күні палатаға ауыстырылды.

Қайрат Ильясұлы сәбидің көкірек тұсындағы жарықтың көлемі 15 сантиметр болғанын айтады. Маманның мәлімдеуінше, мұндай жарықтар кейде адамға туа бітеді, яғни бала анасының құрсағында жатқанда түрлі физиологиялық әсердің салдарынан пайда болады. Сондықтан бұл өздігінен туындайтын кесел, медициналық практикада сирек кездесетін құбылыс ретінде қаралады.

Балалар  клиникалық  ауруха­насының дәрігерлері бүгінгі таңда кішкентай науқас өзін жақсы сезі­нетінін баяндады. Олардың сөзіне қарағанда, ендігі жерде қо­сымша операция жасаудың қажет­тілігі жоқ. Сол себепті ота жасал­ған сәби клиникада біраз күн жатып, ем-дом қабылдап, анасымен бірге аман-есен үйіне қайтарылды.

 

ШЫМКЕНТ 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15