Әлем • 06 Сәуір, 2023

Ресейде 19-қабаттан құлаған ер адам тірі қалды

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің Воронеж қаласында 19-қабаттан көліктің үстіне құлап түскен ер адам аман қалды, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Ресейде 19-қабаттан құлаған ер адам тірі қалды

Құлап кеткен ер адамның видеосы әлеуметтік желіде тараған. Онда құтқарушылардың ер адамды көліктің жүк салғышынан шығарып жатқаны көрсетілген.

«3 сәуір күні кешке Колесниченко көшесіне шақырту келіп түсті. 1982 жылы туған ер адам 19-қабаттан көлікке құлап түскен»,  дейді агенттікке ақпарат берген ведомство өкілдері.

Басылымның жазуынша, зардап шегуші бас пен омыртқа жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

Воронеж облысы бойынша Тергеу комитеті тергеу басқармасы өкілінің айтуынша, болған оқиға бойынша тергеуге дейінгі тексеріс жүргізілуде. «Оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған шаралар кешені орындалып жатыр. Тексеріс нәтижесі бойынша процесуалдық шешім қабылданады», деді ведомство өкілдері. 

 

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше