Қоғам • 31 Шілде, 2023

Батыр мұрасы архивке табысталды

342 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Батырдың ерлігі баршаға үлгі. Осы мақсатта Астана қаласының мем­лекеттік архиві және Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орта­лы­ғының ұйымдастырумен Кеңес Одағының Батыры, ақын-жырау, соғыс ардагері Ғабдолла Мәмбетовтің мұрасы архив қорына табыс­талды.

Батыр мұрасы архивке табысталды

Бүгінде қалалық архивте 736 қор және 404 458-ден астам сақтау бір­лігі бар. Елорда тұрғындарының тари­хы­ның шынайы айғағына айналған көрнекті құжаттардың жеке тектік қор есебінде маңызы зор. Мәселен, архив қорына тапсырылған құжаттар Ғабдолла Бәйтенұлының туған өлкесі Қарақойын – Қашырлы өңірінің рухани, саяси өмірінен, мәдениеті мен тарихынан мол мағлұмат береді. Бұл өз кезегінде сол өлкенің азаматтарына үлкен ақпараттық көмек.

ц

Шара барысында батырдың өмір­бая­ны мен өшпес мұрасы арқау бол­ған «Қашырлы сыр-сандығы» атты ба­сы­лымның тұсауы кесілді. Бұл еңбек­те қаламгердің өмірден түйген ой-пі­кі­рі мен пайымы, қолжазба иесінің шы­ғар­­ма­лары, өсиет сөздері, ел арасынан жи­­нап-терген шежіре-дастан­дары топ­тас­тырылды. Шығармаларда қазіргі уақыт­та ұмытылып бара жатқан жер-су атау­ларының фотосуреттері де көрініс тапқан.

 «Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең» деген қазақтың нақыл сөзі бар. Осы қазыналы қарт­тар­дың айтып ұрпаққа қалдырған өне­гелі сөздері, үлгі болар тағылымды істері, елінің, өзі туған өлкесінің өсіп-өркен­деуіне арнаған еңбек жолдары, бір сө­збен айтқанда, барлық болмысы – тұ­нып тұрған аңыз бен тарих», деді Астана қаласы мемлекеттік архиві директорының міндетін атқарушы Жангелді Бимолдин. Сонымен қатар Ғабдол­ла Бәй­тен­­ұлының жазып қалдырған мұра­сы көпшілік көрермен назарына көр­ме арқылы ұсынылды. Оның мақсаты – еліміздің тарихы мен мәдениетіне қатысты сирек кездесетін қол­жаз­баларды кеңінен насихаттау, әлеу­меттік рөлін анықтау.

Жиын соңында қонақтар мен батыр ұрпақтары естелік суретке түсіп, оқушыларға кітап ұсынды.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25