Қоғам • 10 Сәуір, 2024

Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тергеу аяқталды

82 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz

Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тергеу аяқталды

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Биғайдаров мәлімдеді.

«Сатыбалды Гүлмираға және басқа да тұлғаларға қатысты заңсыз бас бостандығынан айыру, аса ірі көлемде бопсалау, ауыр зардаптарға әкеп соқтырған озбырлық жасады деген күдікпен тергеу аяқталды», деді Биғайдаров ведомствода өткен брифинг барысында.

Ол Гүлмира Сатыбалды қамауда екенін атап өтті. Қазір процеске қатысушылар қылмыстық іс материалдарымен танысуды жалғастырып жатыр. Осыдан кейін олар сотқа беріледі.

Еске салайық, 2022 жылы Гүлмира Сатыбалдыға адам ұрлады және кәсіпорынның акцияларын заңсыз иемденді деген айып тағылды. 2023 жылдың сәуірінде ол кінәсін ішінара мойындады, бірақ ол ешкімді ұрламағанын айтты. Мамыр айында Астана соты оны жеті жылға бас бостандығынан айырды. Маусым айында ол бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін жымқырды деп айыпталып, жазасы сегіз жылға дейін ұзарды.