Сенат • 18 Сәуір, 2024

Ғылыми зерттеу бағытындағы ынтымақтастық

45 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Оксфорд ислам зерттеулері ор­та­лығының директоры Фархан Ахмад Низамимен кездесті. Іс-шара барысында ғылыми зерттеу және рухани дипломатия сала­сындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

Ғылыми зерттеу бағытындағы ынтымақтастық

Палата спикері Қазақстан ғалымдарымен белсенді байланыс орнатқаны үшін Фархан Ахмед Низамиге алғыс білдіріп, бұл қа­зір­гі жаһандық мәселелерді шешу­ге екі тараптың ғылыми қа­уым­­дастығын жұмылдыру жо­лын­дағы маңызды қадам екенін атап өтті.

Сонымен қатар ол Қазақстан «Бірлік – әралуандықта» қағида­тына табан тірейтінін айтып, Окс­форд ислам зерттеулері орта­лығымен байланысты одан әрі арттыруға мүдделі екенін жеткізді.

Кездесу барысында Әлем­дік және дәстүрлі діндер көшбас­шылары съезінің бейбітшілік, сенім және диалог мәдениетін дәріп­теудегі рөлі туралы да сөз болды. Сондай-ақ съездің алда­ғы 10 жылға арналған Даму тұ­жы­­рымдамасында көзделген міндет­терді бірлесіп іске асырудың маңызды екені айтылды.

«Қазақстанда өткізіліп келе жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі жиырма жыл ішінде діндер, мәдениеттер және өркениеттер арасындағы диалогті дәріптейтін беделді әрі мойындалған халық­аралық алаңға айналды. Біз был­тыр съезді дамытудың алдағы он жылға арналған Тұжырым­да­ма­­сын қабылдадық. Форумның қыз­­­меті климаттың өзгеруі, тең­сіз­­дік, экстремизм, соғыс сияқ­ты бү­гінде әлем бетпе-бет ке­ліп отыр­ған сын-қатерлерді ең­се­ру­ге жәр­демдесу үшін дін көш­­бас­­­шы­лары, саясаткерлер және ха­­л­ы­қ­­­­ара­лық ұйымдар ара­сын­­дағы ын­тымақтастықты нығай­туды көз­дейді. Бұл ретте руха­ни дип­­ло­ма­­тияның әлеуеті зор екені анық. Сон­­дықтан біз сіздер­дің Орта­лық­­­тары­ңызбен осы бағыттағы бір­леск­ен іс-қимылды одан әрі нығайтуға мүдделіміз», – деді М. Әшімбаев.

Өз кезегінде Фархан Ахмад Низами кездесу үшін М.Әшімбаевқа алғыс білдіріп, екі тарап арасындағы байланыс­тарды және ғылыми-зерттеу бағытындағы ынтымақтастықты арттыруға мүдделі екенін жеткізді.