Аймақтар • 18 Сәуір, 2024

ШҚО еріктілері «Киелі мекен» апталығына белсенді қатысып жатыр

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Киелі мекен» апталығы аясында ШҚО-дағы мекемелер мен кәсіпорындардың ұжымдары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, жастар мен тұрғындар тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруда, деп жазады Egemen.kz.

ШҚО еріктілері «Киелі мекен» апталығына белсенді қатысып жатыр

Өскемендегі Қабанбай батыр ескерткішінің маңында сенбілік басталды. 2014 жылы ашылған бұл алты метрлік монументтің авторы – Нұрлан Далбай. Аты аңызға айналған қолбасшы ат үстінде бейнелеген.

Абаттандыруды нақ осы Қабанбай батыр ескерткішінен бастағанымыздың өзіндік мәні бар. Бұл – жай ғана монументалды тарихи-мәдени нысан емес, қасиетті орын! Сондықтан осы аумақты тәртіпке келтіріп, абаттандыру өте маңызды, дейді ШҚО Қоғамдық кеңесінің мүшесі Алдияр Әубәкіров.

«Таза Қазақстан» акциясына қатысушылар қыс мезгілінде ескерткіштің айналасына жиналып қалған бүкіл қоқысты тазартты. Бір апта ішінде олар Шығыс Қазақстандағы басқа да киелі орындардың аумағын ретке келтіреді.

Естеріңізге салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» акциясы өтіп жатыр. Ол бес аптаға созылады, әр апта белгілі бір тақырыпқа арналған.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15