Өнер • 28 Сәуір, 2024

Димаш Құдайбергеннің ағылшын тілінде жаңа әні жарыққа шықты

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген ағылшын тілінде жаңа әнін жарыққа шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Димаш Құдайбергеннің ағылшын тілінде жаңа әні жарыққа шықты

Өнер иесі өз жаңалығын Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті.

Димаш Құдайбергеннің айтуынша, ол "Smoke" әнін алғаш рет Гонконгта орындаған.

- Менің "Smoke" атты жаңа туындым бұдан былай барлық музыкалық платформаларда қолжетімді. Естеріңізде болса, мен бұл әнді алғаш рет Гонконгтағы жеке концертімде орындаған болатынмын. Бұл ән тыңдарманның жылы лебізіне де ие болып үлгерген еді.

Осы орайда достарым Кэндис Келли мен Дмитро Гордонға аталмыш туындыны жасауға үлес қосқандары үшін ерекше алғыс айтқым келеді. Ән сіздердің көңілдеріңізден шықты деген үміттеміз! Жақында Будапешт пен Стамбулда өтетін жеке концерттерімде кездескенше!, - деп жазды ол. 

Соңғы жаңалықтар

Қаламгер һәм қайраткер

Қоғам • 25 Мамыр, 2024

Жеңіл табыс жерге қаратады

Қоғам • 25 Мамыр, 2024

Микроқаржы сергелдеңі

Қаржы • 25 Мамыр, 2024

Болмысы биік тұлға

Тағзым • 25 Мамыр, 2024

БАҚ пен тіл

Сұхбат • 25 Мамыр, 2024

Тасқын су толастамай тұр

Аймақтар • 25 Мамыр, 2024