Алматы • 09 Мамыр, 2024

Бірегей экологиялық құрылғы

21 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Алматы қаласында өз елімізде шығарылған ең алғашқы фандомат пайда болды. Осылайша, техникалық режімде мегаполистегі Панфилов пен Төле би көшелерінің қиылысында пластикалық бөтелкелер мен сусындардың алюминий ыдыс­тарын қабылдайтын алғашқы фандомат іске қосылды. Құндық шикізат қатарындағы тұрмыстық қалдықтар мұқият сұрыпталғаннан кейін пайдалы тауарлар өндіретін кәсіпорындарға одан әрі қарай өңдеуге жіберіледі.

Бірегей экологиялық құрылғы

Фандоматта барлық иннова­циялық элемент бар. Мәсе­лен, олардың бірі – жасанды интел­лект пен машиналық оқыту жүйесі, ол алюминий банкі­лер мен пластикалық бөтел­ке­лердің штрих-кодтары нашар басылса немесе қорапқа дұрыс орнатылмаса да тануға мүмкіндік береді. Нейрондық желі технологиясын қолдана оты­рып, фандоматтағы каме­ра пластикалық бөтелкелер мен алюминий банкілердің әртүр­ін автоматты түрде танып, жіктейді, мөл­шері мен салмағын өлшей алады.

«Бұл опциялар әлі де толық­тырыла түседі, өндіріс пен технологиясы жақсарады. Құрылғы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан алғашқы фандоматты Панфилов көшесіне орнату жөнінде шешім қабылданды. Жақын арада фандоматтар Арбатқа, Медеу ХҚКО-сы мен Медеу мұз айдыны маңына қойылады. Өйткені жазда осы ай­мақта энергетик сусын­дар­ының шашылған пластикалық бөтел­­келері мен банкалары жиі кез­де­седі. Жобаның 360 градус бойынша әлеуеті зор. Қайта өңделген­нен кейін пайдалы материалға айналатын қоқыс азайған сайын қаланы тазалауға қаражат пен күш аз жұмсалып, үнемдел­ген ақша маңызды мәсе­лелерге бағыт­та­лады», деді Алма­­ты қаласы әкімдігінің «Жа­сыл Алматы» ГРБН жобалық кең­сесінің басшысы Евгений Мұхамеджанов.

Қазақ­­­станда жасалған фандоматты іске қосу рәсіміне қала әкімінің орын­басары Әлішер Әбдіқадыров қатысып, бұл бастаманың эко­логиялық тиімділігі мен ресурстарды үнем­деу барысындағы маңыз­ды­­лы­ғына тоқталып, жоба­ға ат салысқан Алмалы ауданы әкім­дігінің өкілдерін атап өтті. Қала әкімінің орынбасары арық­тар­дан күн сайын 60 тоннадай қоқыс шығарылса, оның 30%-ы плас­ти­ка­лық бөтелкелер мен алюминий банкалар екенін айтады.

Жоба мұрындық болған әрі­­ негізі инвестор – «Freedom Holding Corp» компания­сы бұл істі қала әкімдігінің Жоба­лық кең­се­сі, Экология және қоршаған орта басқармасының қолдауымен жүзеге асырып жатыр.

Өз орнын тапқан алғашқы фандоматты автоматтандырыл­ған сәлемдемелер қабылдау пункт­те­рін құруда айтарлық­тай тәжірибе жинақтаған жергі­лікті «Tastamat» компаниясы шығарады. Ал жоба операторы – Қазақстанның 9 қаласындағы Жасыл кеңсе жобасы шеңберінде бөлек жиналған тұрмыстық қал­дықтарды шығару, қайта өңдеу­ге жіберу, мамандар даярлау қызметін ұсынатын «EMCO Network» компаниясы.

Осынау инновациялық құ­ры­л­­ғының бірегейлігі сонда, қайта өңделген материалдан жергі­лікті сатушылардан сатып алын­ған металл мен қаңылтыр метал­ды қабылдау пунктінен алын­ған темірден жиналып, құрастырылған.

Ал қарапайым халық үшін фандоматтың артықшылығы – Фридом банк картасына фандомат көмегімен ақшасын алып яки қаражатты қайырымдылық мақсаттарға жібере алады.

Өз кезегінде маңызды бас­тамаға мұрындық болып отырған «CEO Freedom Holding Corp» – өкілі Тимур Турлов: «Жақын арада Алматы мен Астананың барлық көрікті жерінде осындай 100 фандомат пайда болады. Бұл жобамен біз қоқысты бөлек жинауға арналған құрал жасап қана қоймай, оның ауқы­мын кеңейтуге, яғни эко­ло­гиялық мәдениет пен әдет қа­лып­тастыруды, қалдықтарды азайту, парықты тұтыну, айна­лым­дағы экономикаға көшуді көздеп отырмыз», дейді.

 

АЛМАТЫ