Таным • 30 Мамыр, 2024

Ғалам ғажаптары: Дәм келтіруші

33 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әлемде небір ерекше мамандықтар бар. Бірақ ит немесе мысық тамақтарының дәмін келтіруші маман дегенді естігенде, таң­ғалдық.

Ғалам ғажаптары: Дәм келтіруші

Жануарлар тамақтарының дәмін адамдарға айта алмайды. Сол үшін табиғат жанашырлары «дәм келтіруші» деген мамандық ойлап тапқан. Осы іспен айналысатындардың бірі – Саймон Элиссон. Оған мысық пен иттердің тамағын сынақтан өткізген ұнайды екен. Сүйікті ісінен ақша да тауып жүр. Саймонның пікірі азықтың базарға шығарылуы немесе шығарылмауына тікелей әсер етеді.

 

Сынақтан өткізеді

а

Аттракцион, суға шомылатын ойын алаңдары жаңадан ашылған кезде сынақтан өтуге тиіс. Осы істен адреналин алып, тек­серістен өткізетін ерекше ма­мандық бар екен.

Жаңадан іске қосылған демалыс орындарының ең бірінші қонағы – осындай жандар. Егер сіз мұндай маман­дықты жақсы меңгерсеңіз, әлемнің кез келген нүктесінен өзіңізге жұмыс тауып аласыз. Бұл іс қызық болып көрін­генімен, қауіпті. Себебі биік құбырдан құлдилау, әрлі-бері ұшыра жөнелетін аттракциондарға алғаш отыру үшін жүрек керек. Егер кемшін тұстары болса, сынақтан өткізетін адам зардап шегуі әбден мүмкін.

 

Кәсіби ысқырғыш

в

Кейбір адамдарға ысқырғандарына бола ақша төлейді. Сондай жан­дардың бірі – Стив Хербст.

Ол бірнеше мәрте көркем ысқырудан әлем чемпионатында жүлделі орынға ие болды. Стивті кішкентай кезінде ата-анасы қонаққа барғанда бірге алып жүретін болған, себебі ол өзінің өнерімен жақын таныстарының көңілін көтереді екен. Стив – жарнамалық фирманың қызметкері, ол Манхеттеннің көшелеріне де шығып өз өнерін көрсете алады. Оны Моцарт немесе Листің ерекше әндерін тыңдауға жиналған көптеген есінеушінің арасынан оңай ажыратуға болады.