Футбол • 06 Маусым, 2024

Ертең футболдан Қазақстан - Армения матчы өтеді

34 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертең Ереванда футболдан Қазақстан құрамасы Арменияға қарсы жолдастық кездесу өткізеді, деп жазады Egemen.kz.

Ертең футболдан Қазақстан - Армения матчы өтеді

Фото: olympic.kz

Ұлттық құраманың тізгінін ұстаған жаңа бас бапкер Станислав Черчесов бұл ойындарға жігіттерді бастап бармайды. Қазір команда жігіттерін уақытша Руслан Балтиев жаттықтырып жатыр. Ертеңгі кездесуде де осы маман футболшыларды жеңіске жетелейді.

Жолдастық кездесуді 20:50-де Qazsport телеарнасы тікелей эфирде ұсынады. 

11 маусым күні ел командасы Мажарстандағы Сомбатхей қаласында Әзербайжан құрамасына қарсы жасыл алаңға шығады.

Аталған ойындарға сырқаты мен жарақатына байланысты Ислам Чесноков (аяқ жарақаты), Александр Зуев, Бекхан Шайзада (екеуі де - ЖРВИ) қатыса алмайды.