
Карина Хачикованың отбасы кезінде елімізге Кавказдан жер аударылып келген. Қазақ тіліне судай. Ол бізде туып-өскенін мақтан тұтады. Туыстары туған өлкесіне қайтып кеткенде, осында саналы түрде қалыпты. Өзі шебер аспаз. Мемлекет қолдауымен жеке кәсібін ашқан. «Ұлтым – удин. Анамның төркінінде бәрі қазақша сөйлейді. Қазақстанда тұрамыз. Біз қазақпыз. Қиын-қыстау кезеңде ата-анама пана болған қазақ жері – біздің отанымыз», дейді Карина.