Саясат • 20 Шілде, 2024

Демалыс қауіпсіздігін тиянақтады

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат депутаттары Нурия Ниязова мен Жанна Асанова Алматы қалалық мәслихаты депутаттарымен және қоғамдық кеңесімен бірлесе отырып алып шаһардағы аттракциондар мен саябақтардың қауіпсіздігін тексерді.

Демалыс қауіпсіздігін тиянақтады

Фото: ortalyq.kz

Депутаттар ойын-сауық саябағында, балалардың ойын-сауық орталығында, Горький атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағында болды. Қоғамдық байқаудың басты мақсаты – аттракциондар мен балаларға арналған ойын алаңдарындағы қауіпсіздік жағдайы мен келушілерге қызмет көрсету сапасын бағалау, сондай-ақ саябақтардағы санитарлық-эпидемиялық ережелер мен гигиеналық жағдайды сақтауды тексеру. Депутаттар келушілердің жағдайына, аттракциондардың жарамдылығы мен пайдаланылуына назар аударып, жабдықтардың техникалық регламентке сәйкес қауіп­сіз­діктің барлық талабын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.­­

«Бүгінгі қоғамдық байқау Алматы қаласы азаматтарының мүддесін қорғауға және оларға ойын-сауық саябақтарында қауіпсіз және жайлы демалысты қамтамасыз етуге бағытталған», деп атап өтті Нурия Ниязова.

Байқаудың нәтижесі Парламенттің кезекті сессиясының барысында заң шығару қызметіне ұсынылатын болады.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дәмі бар балмұздақ

Кәсіпкер • Бүгін, 09:15

Шебер тірілткен құнды мұра

Көрме • Бүгін, 09:05

Жарапазан айтып жарысты

Дәстүр • Бүгін, 09:00

Наурыздың рухын асқақтатқан ән

Наурызнама • Бүгін, 08:55

Парасат пен мейірім

Қоғам • Бүгін, 08:50

Америка асқан «Қыз-Жібек»

Таным • Бүгін, 08:45

Өнегелі Ольга

Қоғам • Бүгін, 08:35

Тау көтерген толағай

Қоғам • Бүгін, 08:30

Ұлт тағамын ұлықтаған

Кәсіпкер • Бүгін, 08:20

Жауапты ғұрып

Пікір • Бүгін, 08:10