Екінші дүниежүзілік соғыстан аман оралып, облыстық, кейіннен республикалық прокуратурада жемісті еңбек еткен белгілі қоғам қайраткері, академик Салық Зиманов осы салада докторлық диссертация қорғаған алғашқы заңгердің бірі. Заң ғылымының дамуына лайықты үлесін қосқан заңғар заңгер шәкірт те тәрбиеледі, тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттілігін қалыптастыруға да елеулі еңбек етті. Заңғар заңгердің ғалымдық, азаматтық өмір жолы баршаны қызықтырады. Ғибратты ғұмыр кешкен ғалымның салиқалы ой-толғамдары, тұлға ретіндегі қалыптасу кезеңі «Салык Зиманов. Материалы и библиографии» және «Ғылымдағы ғасыр абызы, академик Салық Зиманов» атты зерттеу кітаптарына арқау болған. Бұл кітаптарда заңғар заңгердің хаттары, ұсыныс-пікірлері топтастырылған. Сонымен бірге, «Салық Зиманов өмірінен бір күн» деген бөлімде оның егемен ел декларациясына қатысты әңгімелері, қазақ тілінің бүгінгі қолданысы мен болашағы хақындағы ойлары оқырман қызығушылығын тудырады.
Кітаптардың жарық көруіне ықпал еткен Парламент Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов «Салық ағамыздың: «Елбасы менің сөзімді қуаттап, орнынан он бір рет көтерілді» деген сөзін тебіреніспен оқыдым» деген пікірімен бөлісті. Айтқандай, қос кітаптың авторы –тарих ғылымдарының докторы, профессор Ілияс Қозыбаев. Тарихшы ғалымның академик туралы зерттеу кітаптарын сенатор Сәрсенбай Еңсегенов Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханаға және Салық Зиманов білім алған Жамбыл атындағы №21 орта мектептің кітапханасына тапсырды.
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,
«Егемен Қазақстан».
Атырау облысы.
Суретті түсірген
Рахым ҚОЙЛЫБАЕВ.

Трамп пен Си Цзиньпин Пекинде кездесті
Әлем • Бүгін, 10:22
Оралда полиция қызметкері қыз зорлады деген күдікпен ұсталды
Оқиға • Бүгін, 10:07
Қоғам белсендісі Санжар Боқаевты қамау мерзімі ұзартылды
Қоғам • Бүгін, 09:59
Қазақтың қымызы Нью-Йоркте алтын жүлде жеңіп алды
Өнім • Бүгін, 09:53
Қазақстанда 32 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 09:48
Пікір • Бүгін, 09:45
Пікір • Бүгін, 09:40
Білім • Бүгін, 09:35
Алматыда Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару табылды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:27
Депутат Қазақстанда тыңайтқыш өндірісін ұлғайтуды ұсынды
Шаруашылық • Бүгін, 08:27
14 мамырда бірқатар өңірлерде ауа райы күрт өзгереді
Ауа райы • Кеше
Депутат: Солтүстік Аралды сақтау жобасын жеделдету қажет
Экология • Кеше