АҚТӨБЕ. 28 қаңтар. Ақтөбеде С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы жаңа ғимаратқа қоныс аударды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Нысанның ашылуына облыстағы зиялы қауым өкілдері мен оқырмандар қатысты. Аталған кітапхана 1979 жылы құрылып, оған 2000 жылы ақын Сағи Жиенбаевтың есімі берілді. Сексен мыңға жуық кітап қоры бар кітапхана осы уақытқа дейін «Алақай» қуыршақ театрының ғимаратында орналасып келген болатын. Облыс әкімдігі мен облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының тарапынан қолдау көрсетіліп, Прохоров көшесінің бойындағы бұған дейін Зауыт полиция бөлімшесі болып келген ескі нысан кітапхана меншігіне берілді. Өткен жылы республикалық бюджеттен 47 миллион теңге бөлініп, ғимараттың іші, сырты қайта жаңарды. Жаңарған нысан кітаптарды сақтауға, оқырмандарға сапалы қызмет көрсетуге және кітапхана қызметкерлерінің еркін жұмыс істеуіне өте қолайлы. Оқырмандар үшін де барлық жағдай жасалған. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы пандус орнатылған. Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы тарапынан кітапхананың материалдық-техникалық базасын нығайту үшін бір миллион теңге бөлінген.
Кітапханада абонемент, оқу залы, инновациялық және әдістемелік жұмыс бөлімі, интернет зал, құжаттарды жинақтау, өңдеу, каталогтарды ұйымдастыру және өнер жөніндегі әдебиеттер бөлімі жұмыс істейді. Кітап қорын электронды нұсқаға ауыстыру жұмыстары да жүйелі жүргізілуде.
Сатыбалды Сәуірбай.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: aktobe.gov.kz.
• 28 Қаңтар, 2015
Ақтөбедегі жасөспірімдер кітапханасы жаңа ғимаратқа қоныс аударды

Димаштың жанкүйерлері шала туған сәбилерге көмек көрсетті
Оқиға • Бүгін, 15:50
Өшпес даңқ • Бүгін, 15:30
Unitree роботы мен әскери шоу: Астанадағы мереке ерекше форматта өтті
Мереке • Бүгін, 15:05
5 миллион теңге: Қазақстан ардагерлерді қолдау бойынша көш бастады
Қазақстан • Бүгін, 14:44
7 мамырдағы валюта бағамы белгілі болды
Теңге • Бүгін, 14:36
Жаңа Конституциядағы зайырлылық қағидаты
Ата заң • Бүгін, 14:25
Өшпес даңқ • Бүгін, 14:15
Кең көлемді амнистия: ІІМ кімдерге жеңілдік болатынын түсіндірді
Қоғам • Бүгін, 13:45
Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының төрағасы болып сайланды
Тағайындау • Бүгін, 13:19
«Sarbaz+»: Әскердің цифрлық бел-белесі
Айбын • Бүгін, 13:00
«Әділет» партиясы құрылтай съезі мүшелері ұйымның жарғысын бекітті
Партия • Бүгін, 12:49
«Әділет» партиясы Мемлекет басшысының реформаларын қолдайтынын мәлімдеді
Партия • Бүгін, 12:29
Дәурен Қосанов, Қорғаныс министрі: Отандық зымыран өндірісі қолға алынады
Сұхбат • Бүгін, 12:15
Пікір • Бүгін, 12:00
Руханият • Бүгін, 11:50