
- Ерлер додасында үміт артқан теннисшілер мәртебелі аламанның алғашқы айналымында-ақ жеңілді. Александр Шевченкоға жеребе ауыр тиіп, әлемнің 3-ракеткасы, испаниялық Карлос Алькарасқа есе жіберді. Александр Бублик аргентиналық Франсиско Серундолодан аса алмады. Жігіттердің жұптық сында да жолы болмады. Уругвайлық Ариэель Беар мен америкалық Роберт Галлоуэй жұбына есе жіберді.
- Кеше Германияның Рупольдинг қаласында биатлоннан Әлем кубогінің кезеңі басталды. Ерлер 20 шақырым қашықтыққа жекелей сынға түседі. Әсет Дүйсенов, Владислав Кирееев, Александр Мухин, Иван Дарьин додаға қосылды.
- 17-19 қаңтар аралығында Бахрейн астанасы Манама қаласында шпагамен семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді. Қыздар арасындағы тартыста Айзере Нұрқанова, Арина Яковлева, Наталья Зинякова, Каролина Фомина, Кристина Красикова, Валерия Мишенина бақ сынайды. Ерлер додасында Нұржан Әбжанов, Ғабиден Мұстафин, Уәлихан Нариман, Богдан Лукин, Кирилл Проходов, Георгий Тинников, Нұрмұхаммед Балтабай, Жанарбек Жанұзақов, Аңсар Қасенге үміт артылады.