Жастар • 04 Ақпан, 2025

«Bir tolqynda» алаңындағы кездесу

60 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«Жастар рухы» белсенділері жұмысшы мамандықтарын кеңінен насихаттап жүр. Олар республиканың әр өңірінде жастардың басын қосып, «Bir tolqynda» диалогтық алаңдары аясында кездесулер ұйымдастырып жатыр. Мақсат – азаматтарды өндірістік және әлеуметтік салаға тарту.

«Bir tolqynda» алаңындағы кездесу

Елдің әлеуметтік-эко­но­микалық тұрғыда өріс­теуі сол қоғамдағы адами фактормен тікелей байла­нысты. Жан-жақты дамыған, өз ісін жетік білетін қабілетті аза­маттар тұтас мемлекеттің ілге­рілеуіне үлес қоса алады. Әрі бұл мамандарды қоғамда, әсіресе жас­тар арасында мейлінше насихат­тау кемел келешектің қабыр­ғасын қалағанмен тең.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұ­мысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Осылайша ел­де биыл құрылыс, ауыл шаруа­шылығы, өнеркәсіп сынды қара­пайым еңбек адамдарына ерек­ше көңіл бөлінеді. Осы мақ­сатта «Жастар рухы» жастар қанаты Қостанайдың жоғары оқу орындары мен колледж сту­денттерін жиып, диалог алаңын ұйымдастырды. Кездесуде жұмысшы мамандарды насихаттау, өндіріс саласын жаңғырту, шетелдік инвестициялар тарту және заманауи жабдықтарды енгізу жайы талқыланды.

пр

– Студенттер қазір осы жұ­мысшы мамандықтарды оқи оты­рып, дип­лом алған соң өз ма­ман­дығы бойын­ша қызмет етуі үшін осындай алаң ұйым­­дас­тырып отырмыз. Біз­дің осы жылға қойған мақсат – Мем­лекет басшысы бекіткен жұ­мыс­шы мамандықтарының мере­йін асыру, олардың қызметін қоғам­да кеңі­нен таныту үшін іс-шараларды көп­теп өткізу, – деді «Жастар рухы» Қоста­най облыстық филиалының төрағасы Аружан Сәрсембаева.

Спикер ретінде шақырылған дәне­керлеу цехының менеджері Дмитрий Парфенов жұмыс беру­шілердің жастармен өзара іс-қи­мылын жақсартуға көңіл бөлу керек екенін айтып қалды.

– Жұмысшы мамандықтарына білім беру жүйесіне, жастарды өндіріске тарту бойынша жұмыс берушілердің тәсілі­не де үлкен назар аудару керек. Себебі қазіргі өндіріс алаңдары бұрынғыға қа­рағанда әлдеқайда заманауи және белгілі бір біліктілік дағдылары мен білімді қажет етеді, – деді Д.Парфенов.

Ақтауда да «Bir tolqyn­da» диа­­логтық алаңы ұйымдас­тыры­лып, кездесуде туризм және қоғам­дық тамақтану сала­ларының маңыз­дылығына тоқталды.

ап

– Біздің экономикамыз жұ­мысшы мамандықтарына тәуелді. Бұл тек дәне­керлеушілер, мон­тажшылар немесе құрылысшы­лар емес, сондай-ақ қоғамдық та­­мақтану саласының өкіл­дері, ас­пазд­ар, басқарушылар да бар. Ақтау туристік өңір болып есеп­те­летіндіктен, бұл сала маңызды. Сол себепті студенттерге қоғамдық тамақтану және қонақүй бизнесін басқару саласында жұмыс істеу­дің артықшылықтарын түсіндір­ген рестораторды шақырдық, – деді «Жастар рухы» Маңғыстау облыстық филиалының төраға­сы Абзал Марат. Ал Өскемен­де қа­ты­сушылар жаңа оқу бағдар­ламалары мен техноло­гия­лар­дың дамуы­на зейін қойды. Бұл сту­­дент­терге қажетті дағдыларды тезі­­­рек меңгеруге мүмкіндік бере­ді. Шығыс Қазақстан облы­сы кәсіподақтар бір­лестігі төраға­сы­ның орынбасары Айжан Гаса­нова кәсіподақтардың бұл бас­таманы қол­дайтынын және жұмыс­шы­­лардың құқықтарын қор­ғауда бел­сенді жұмыс жүргізіп жатқанын жеткізді.

Тараз қаласы да бұл бастамадан тыс қалмады. Алаңда кәсіби дамумен қатар, «Отбасы банкі» арқылы тұрғын үй алу және көлік мәселелері сөз болды.

– «Amanat» партиясы жанында жастарды қолдау жөніндегі өңір­лік кеңес жұмыс істейді. Бұл алаң­да жастарға қатысты түрлі проб­ле­ма көтеріледі. Біз осы кездесуде талқыланған мәсе­лелерді ал­дағы кеңес отырысында қарас­тырамыз. «Bir tolqynda» бастамасы жұмысшы мамандықтары­ның еліміздің тұрақты да­муы үшін маңыздылығын көрсе­тіп, оларды жастар арасында дәріп­­теп, әртүрлі салалар­дағы ман­­сап­тық өсу келешегін ай­қын­дауда маңызды рөл ат­қа­рады, – деді Жамбыл облы­сын­­­дағы «Amanat» партиясы жаст­ар қанатының төрағасы Ерғали Рүстемұлы.