Қоғам • 06 Ақпан, 2025

400-ден аса іс-шара жоспарланған

120 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтеді. Осыған орай елордадағы Достық үйінде іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру бойынша жұмыстар пысықталды. Сонымен еліміздің түкпір-түкпірінде 400-ден аса танымдық, әдеби-мәдени іс-шара түндігін түреді.

400-ден аса іс-шара жоспарланған

Мерейтойлық жоспарды тал­қылауға Қазақстан халқы Ассам­б­леясы төрағасының орынбасары – Қазақстан халқы Ассамблеясы хат­шылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, Қазақстан халқы Ассам­блеясы төрағасының қоғамдық орынбасары Лугмар Буларов, Пар­ламент Сенатының депу­таттары, Мәде­ниет және ақпарат ми­нистр­лігінің басшылығы, өңірлердің ішкі саясат, қоғамдық даму басқарма­лары, «Қоғамдық келісім» КММ, ҚХА қо­ғамдық құрылымдары және рес­пуб­ликалық этномәдени бірлестік­тердің басшылары, сарапшылар қатысты.

– 2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында ҚХА-ның 30 жылдығына арналған еліміздің 25 жоғары оқу орны мен сараптамалық орталық­тарында БАҚ-та кеңінен жарияланатын 34 ғылыми-тәжірибелік конференция, дөңгелек үстел, семинар қазірдің өзінде барлық өңірдегі жоғары оқу орындарында өтіп жатыр. Негізінен іс-шаралар 1 нау­рыздан (ҚХА құрылған күні) бас­талады. Дәл осы күні бас қаладағы Бейбітшілік және келісім сарайында республикалық форум өтеді. Аудан, облыстардан арнайы делегаттар шақыртылып, Ассамблеяның маңызды межелерін сараптайды. Алғыс айту күнін мерекелеуде «Қайы­рымдылық керуені» акция­сы, ұйымның бастауында болған ҚХА ардагерлеріне құрмет көрсету, этни­калық ансамбльдер мен солис­тер қатысатын фес­тивальдар, көрмелер, концерттер, хореография, вокал және аспаптық музыка бойынша шығармашылық байқаулар ұйымдастыру көзделеді, – деді М.Әзілханов.

Жиын барысында «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты» ЖШС директорының орынбасары Айгүл Сәдуақасова Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаты бірегейлікті қалып­тастыру екенін атап өтті. Ал Сенат депутаты Алишер Сатвалдиев еліміздегі этностық тақырыптардың дұрыс жазылуына, насихатталуына да ерекше көңіл бөлу керек екенін еске салды. Өз кезегінде ҚХА жанындағы Аналар кеңесі төрағасының орынбасары Баян Ахатай былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғам­да­ғы 5 кеселмен күресу туралы тапсырма­сы аясында «Саламатты сана» жобасын қолға алғанын айтты. Оның айтуынша, мерейтойлық алғашқы іс-шара 12 ақпанда Алматы қаласындағы Достық үйінде «ҚХА-ның 30 жыл­дығы: Ана мен бала бақыты – қоғамдық тұрақтылықтың негізі» атты дөңгелек үстел жұмысымен басталады. 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Кеше

Жезді жәдігерлері

Көрме • Кеше

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Кеше

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Кеше

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Кеше

Аңдатпа

Аңдатпа • Кеше