Жәдігер • 15 Ақпан, 2025

Музейге сый

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеген аудандық тарихи-өл­кетану музейінде «Музейге сый» акциясы өтті. Мәдениет са­ласының өкілдері, ғалымдар, археологтер және тарихшы­лар қатысқан іс-шарада Аспантау өлкесінен табылған көне жә­дігерлер музей қорына тапсырылды.

Музейге сый

Суретте: музей қорына тап­сы­рыл­ған көне жәдігерлер

Бұл іс-шара – өңір тарихын зерттеуге, мәдени мұраны сақтауға және болашақ ұр­паққа жеткізуге бағытталған маңыз­ды қадам. Табыс етілген жәдігерлер қатарынан көне қорымдардан та­былған археологиялық артефактілер мен ерекше тарихи мұраларды көруге болады.

в

«Ұзынбұлақ қорымынан табылған (VII–IX ғғ.) темірден жасалған жебе ұштары, темір үзеңгі мен ілмекті белдік, жылқы әбзелдерінің темір фраг­менттері, қола пластиналы жапсырмалары бар ағаш қалдықтары, қола ілмекті белдік, жауынгер белдігінің қола жапсырмалары, пышақтың ұшы, оюлы қыш құмыра фрагменті бар. Сондай-ақ Ұйғыр ауданы Шошанай ауы­лы маңынан 2023 жылдың мау­сым айында табылған петроглиф тас та музей қорына табыс етіл­ді.­­­­­­­ Бұл жәдігерлер аймақтың бай мәдени-тарихи мұрасын таныстыруға, қазақ даласында өмір сүрген ежелгі өркениет іздерін зерттеуге мүмкіндік береді. Көптеген артефакті – ерте түркі дәуі­рінің әскери, шаруашылық және тұр­мыстық заттары», дейді Алма­ты об­лыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталықтың бас инс­пекторы Еркебұлан Бақабаев.

а

Облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығы 2022 жылдан бас­тап тарихи-мәдени ескерткіштерді жинақтау жұмысымен айналысып келеді. Оған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалым­дары атсалысып, бұзылу және тоналу қаупі төнген обаларға археология­лық қазба жұмысын жүргізіп жатыр. Музей қорына тапсырылған жәді­герлер табанды еңбектің нәти­жесін көрсетеді.

 

Алматы облысы,

Кеген ауданы 

Соңғы жаңалықтар

Әсем киім жарасар...

Мәдениет • Бүгін, 08:30

Дәрігерге дән ризамын

Қоғам • Бүгін, 08:25

Олжасы мол ұлттық спорт

Ұлттық спорт • Бүгін, 08:20

Жүрек қылын тербеген әуен

Өнер • Бүгін, 08:15

«ӨзенЖылу»: Ауқымды істер арнасы

Экономика • Бүгін, 08:10

Татулық пен мейірім мерекесі

Мереке • Бүгін, 08:05

ҚазҰУ-да іске қосылған төрт ірі жоба

Университет • Бүгін, 07:45

Айт қабыл болсын!

Мереке • Бүгін, 07:00