Заң мен Тәртіп • 12 Наурыз, 2025

Кәрім Мәсімовтің үйі сатылымға қайта қойылды

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Кәрім Мәсімовтің үйі сатылымға қайта қойылды

Фото: e-auction.e-qazyna.kz

«Аукцион аясында Астана қаласы, Нұра ауданы, Қараөткел шағын ауданы, Ерейментау көшесі, 1-құрылыс мекенжайында орналасқан жертөлесі бар тұрғын үй сатылымға қойылады. Нысан барлық қатысушы үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін ашық және бәсекеге қабілетті шарттарда жүзеге асырылады», деп жазылған комитеттің ресми сайтында.

Айта кетсек, биыл 10 ақпанда Кәрім Мәсімовтің Астанадағы сарайы 1,8 млрд теңгеге сатылымға шығарылған еді. 

Алайда 25 ақпанда өткен аукционда Кәрім Мәсімовтің зәулім сарайын ешкім сатып алмады.