Медицина • 31 Наурыз, 2025

Прокуратуралық тексеріс: 700 тұрғын тегін дәрі-дәрмектен құр қалған

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданында 700-ден аса тұрғын өздеріне тиесілі тегін дәрі-дәрмекті алмаған, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Прокуратуралық тексеріс: 700 тұрғын тегін дәрі-дәрмектен құр қалған

Прокуратуралық тексеріс: 700 тұрғын тегін дәрі-дәрмектен құр қалғанФото: nrchd.kz
Аудандық прокуратура мұқтаж адамдардың қажетті дәрілік заттармен қамтамасыз етілмегенін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Олар түрлі диагноздармен диспансерлік есепте тұрған. Заңбұзушылық аудандық ауруханадағы тегін медициналық көмек көлемін талдау аясында белгілі болды.

Прокуратураның қадағалауымен тегін дәрі-дәрмекпен қамту ұйымдастырылып, басқа да қажетті препараттарды алуға алдын ала тапсырыс берілді.