
30 жастағы Доминикан Республикасының өкілі БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында «Мен Жәнібекпен жұдырықтасуды көптен бері көздеп жүрген едім. Бірақ біздер ортақ мәмілеге келе алмадық. Енді сәті келді деп ойлаймын. Иә, Әлімханұлының жақсы боксшы екенін мойындаймын. Бірақ ол мені ұтатындай дәрежеде емес» деп сенімді сөйледі.
Карлос Адамес кәсіпқой рингтегі карьерасын осыдан 10 жыл бұрын бастаған. Сол аралықта 26 кездесу өткізіп, 24 рет жеңіске жетті. 18 қарсыласын нокаутқа жіберді. Ол осыдан алты жыл бұрын бразилиялық Патрик Тейшейрадан ұпай санымен ұтылса, биыл ақпан айында ұлыбританиялық Хамза Ширазбен тең түсті.