Қоғам • 11 Сәуір, 2025

Сапалы зерттеулер дұрыс шешім қабылдауға ықпал етеді – Нұрбек Мəтжани

72 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Соңғы жылдары зерттеу орталықтарына, олардың жұмысына көп көңіл бөлініп келеді. Бұл туралы «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ басқармасының төрағасы Нұрбек Мəтжани айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Сапалы зерттеулер дұрыс шешім қабылдауға ықпал етеді – Нұрбек Мəтжани

 

«Зерттеу институттарының жұмысын күшейту арқылы елдегі сапалы шешімдердің шығу мүмкіндігі де артады», деді ҚҚДИ басшысы.

Оның сөзінше, жүргізілген зерттеу нəтижелерін мемлекеттік органдар өз жұмысында қолданады.

«Біз шешім шығармаймыз, бірақ шешім шығаратын министрлікке сапалы зерттеулер ұсынамыз. Зорлық-зомбылыққа байланысты болсын, гендерлік мəселеге байланысты болсын, министрлік біздің позициямызды үнемі сұрайды», деді Нұрбек Мəтжани.

Бұл ретте Нұрбек Мəтжани Қазақстандық қоғамдық даму институты əлеуметтік зерттеу тақырыптары аясында деректі фильмдер түсіргенін айтты.

«Өте маңызды зерттеуіміз – бұл балалар үйінен түлеп шыққан тəрбиеленушілердің қоғамға интеграциясы. Онда үлкен тереңдетілген сұқбат болды, оған 40 адам қатысты, оның 30-ы балалар үйінің

тəрбиеленушілері, 10-ы эксперт. Сол жерден де 4 тəрбиеленушіні іріктеп алып, солардың өміріне арналған деректі фильм түсірдік», деді Нұрбек Мəтжани.