Спорт • 14 Сәуір, 2025

Тәртіп сақшысы – Nomad Wrestling жеңімпазы

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласындағы Sadu Arena спорт кешенінде өткен Nomad Wrestling 2 турнирінде Ішкі істер министрлігінің мемлекеттік мекемелерді күзету жөніндегі мамандандырылған күзет қызметінің инспекторы Азамат Бақытов жеңіске жетті, деп жазады Egemen.kz.

 

Тәртіп сақшысы – Nomad Wrestling жеңімпазы

Жеңімпаз спортшы және бірінші Nomad Wrestling Гран-при жеңімпазы Азамат Бақытов бұл жолы джиу-джитсудан әлем чемпионы Руслан Исраиловпен шықты. Тартысты жекпе-жекте қарсыласын екі ұпай артық көрсеткішпен тізе бүктірген Азамат Бақытов спорт сүйер қауымды тосын тәсілдерімен тәнті етті.

Азамат – аралас жекпе-жекте жұлдызы жарқыраған спортшы. Ол 2015 жылы Қазақстан чемпионы, 2017 жылы Қазақстан Кубогының жеңімпазы, 2016 жылы Азия жүлдегері, грепплингтен 5 дүркін Қазақстан чемпионы және 2 дүркін Азия чемпионы, 2018-2019 жылғы әлем чемпионатының финалисі, бірінші Nomad Wrestling көшпенділер ойындарының чемпиондық белдігінің иегері. Сондай-ақ Alash Pride, M-1 Global, NFC, Хардкор-де лигаларында рекорд орнатқан кәсіби спортшы.

Полиция қызметкерлерінің арасында қызметте үлгі көрсетумен қатар, спорт саласында да жеңісті биікті бағындырып жүрген спортшыларымыз аз емес. Солардың ішінде Азамат Бақытовтың алып жүрген асуы көп.

Соңғы жаңалықтар