
Марапат алғандардың қатарында белгілі қоғам қайраткерлері, елдегі этносаралық келісімді дамытуға үлес қосқан Ассамблея ардагерлері бар. Отырыста сөз сөйлегендер Ассамблеяның соңғы отыз жылда халық дипломатиясы мен диалогтың пәрменді институтына айналғанын, «Әралуандықтағы бірлік» қағидатын нығайтып, жаһандық сын-қатер жағдайында тұрақтылықтың негізі болып отырғанын атап өтті.
«Мемлекет басшысы Ассамблеяның халықтық дипломатияның бірегей институты ретінде маңыздылығын әрдайым атап өтеді. 1995 жылғы 1 наурызда Алматыда – Қазақстан тәуелсіздігінің бесігі саналған қалада – Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Қазақстан Президентінің Жарлығына қол қойылды. Дәл осы қаламызда кейіннен мемлекеттік саясаттың бір бөлігіне айналған және елдің тұрақтылығы мен дамуының басты факторына айналған ұлтаралық келісім мен бірліктің бірегей қазақстандық үлгісінің іргетасы қаланды», деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.
Марапатталғандардың атынан қатысушылар жоғары мемлекеттік баға үшін алғыс айтып, бейбітшілік, бірлік және азаматтық бірегейлікті нығайту жолындағы жұмыс жалғаса беретінін жеткізді. Баяндамашылар сөзінде ұлтаралық сенім, тарихи ризашылық пен рухани бірлік құндылықтарына ерекше назар аударды.
Бұдан кейінгі дамудың маңызды бағыты – этномәдени бірлестіктерге арналған заманауи инфрақұрылымды қалыптастыру болмақ. Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев шаһарда жаңа Достық үйін салу жоспары бар екенін мәлімдеді.
Сондай-ақ, Алматыда қалалық ҚХА қолдауымен төрт ұлттық театр мен жеті этностық БАҚ редакциясы табысты жұмыс істеп жатыр. Бұл тілдер мен мәдениетті сақтап, ұлтаралық диалогты нығайтуға ықпал етеді.
АЛМАТЫ