Қоғам • 28 Сәуір, 2025

Кәмелетке толмағандарды әлеуметтік желіден шектеу керек - депутат

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18 жасқа толмаған жеткіншектерге әлеуметтік желіні пайдалануға жас шектеуін енгізу ұсынылды. Мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантайұлы арнайы заң жобасын әзірлеу қажеттігін алға тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кәмелетке толмағандарды әлеуметтік желіден шектеу керек - депутат

Фото: ашық дереккөз

Депутат Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен вице-премьер Ермек Көшербаевқа сауал жолдап, балалардың интернетке тәуелділігі мәселесін көтерді. Оның айтуынша, еліміздегі балалардың 88%-ында жеке смартфон бар, ал 28%-ы бос уақытын түгелдей гаджетте өткізеді.

Амантайұлы шетел тәжірибесін мысалға келтіріп, Қытай, Франция, Оңтүстік Корея секілді елдерде балалардың смартфон қолдануына шектеулер енгізілгенін атап өтті.

Осыған байланысты депутат арнайы ведомствоаралық топ құрып, әлеуметтік желілер мен онлайн ойындар бойынша жас шектеулерін әзірлеуді ұсынды. Сонымен қатар ата-аналардың балаларының интернеттегі іс-әрекетін бақылауға мүмкіндік беретін мемлекеттік бақылау жүйесін құру қажеттігін айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан да TikTok-тағы зиянды контенттерге шектеу қоюды ұсынған болатын.